№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

25-Қазан Республика күні

Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.

Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №12жалпы орта мектебінде былтырғы жылдан қайта күшіне енген Республика күніне орай "Республикам - мақтанышым" атты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Сонымен қатар, мектептің үздік және белсенді оқушыларына "Жас Қыран" төсбелгісі мен галстуктары табысталды.