Оқушыларды топқа бөліп, «Вeer» әдісі арқылы алдыңғы сабақ пысықтады. Бейнеролик көрсету арқылы сабақтың мақсатын ашып, «Әуе шар» әдісі арқылы топпен жұмысты орындатты. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылап бекітті. Оқушылар сабаққа түгел қатысты, барлығы бағаланды. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, жаңа тақырыпты деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында білімдерін толықтырды және өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғады. Қалыптастырушы тапсырмаларды жұппен орындады. Соңынан қатысқан пән мұғалімдері тиімді және тиімсіз жақтарын айтып, қорытынды жасады.