Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушылардың 1 және 2-ші болжау тестін салыстырмалы түрде түсіндірдім. ҰБТ тапсыру ережесі тураплы мағлұмат бердім. Түлектер үшін тыйым салынған заттар туралы талап қатаңдатылып, егер бұған дейін абитуриенттен тыйым салынған зат табылса, ол тестілеуге қатыса беретін, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап оқушы емтиханға кіргізілмейді. Ал, ҰБТ тапсырып жатқан кезде тыйым салынған затпен ұсталса тестілеу нәжижесі жойылатыны жайлы ескерттім.
Психолог Б. Өрісбаева Адамға ешқашан өзін - өзі тастап жіберуге болмайды.
Сүрінсең, қайта тұруға қақың бар. Қазіргі дайындық тестінен алып жүрген ұпайың төмен болса, өмірден түңілудің еш қажеті жоқ. Өмір бір орнында тоқтап қалмайды. Жалғаса береді. Бақ шаба ма, бап шаба ма? Қазақ «таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» деп те бекер айтпаған. Енді дайындығымды пысықтауға кеш деп қолыңызды сермемеңіз. Аз уақыттың өзінде тыңғылықты дайындалсаңыз, талай ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалуға мүмкіндігіңіз бар. Өзге дүниелерді аз уақыт ішінде естен шығарып, ұмытуға тырысыңыз-деп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.