ШААӘДБ - нің 22.10.22ж №06/10-4/630 хатына сәйкес, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 5 - 11 сынып оқушылары арасында оқу үлгерімі төмен білім алушылардың білім сапасын көтеру мақсатында онлайн форматта сабақтар ұйымдастыру мақсатында осы санатқа кіретін оқушылар тізімі қосымша кестеге сәйкес білім бөлімі заңгері Б. Яхудаевқа жіберілді.
Мектептің педұжымының жалақы табелі жасалып, есептеу бөліміне (есепшіге) тапсырылды.
Мектептің Ұлттық білім беру деректер қоры ұлттық білім беру деректер қоры ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс басталды. ҰББД бойынша жауапты маман Б. Башқараев.
Жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтар,бағыттау компоненті блогындағы сабақтарға ену, талдау жасау, әдістемелік көмек беру жұмыстары атқарылды.
Пән мұғалімдерінің оқушылары ҰБТ - ке, ОЖСБ - ға дайындау деңгейін байқау мақсатында қосымша (дайындық) сабақтарға ену жұмысы жүргізілді.
ОББ-дан, ШААӘДБ-мі мен аудандық әкімшіліктен келген хаттарға дер кезінде жауап берілді.
Жас мамандарға электронды журналмен жұмыс жүргізу, оқушыны бағалау, пәнді меңгерту, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ өту жайлы кеңес және нұсқау берілді.
Электронды поштамен және арнайы (шұғыл) келген хаттар, әдістемелік хаттар – (бұйрықтар)ға жауап дер кезінде оқылып, зерделеніп, талдау жасалып жауап берілді. Берілген нұсқаулар мен тиісті тұлғалар таныстырылды.
ШААӘДБ-нің 26.10.2022ж №06/10-4/631 хатына сәйкес 2022-2023 оқу жылының пәндер бойынша І тоқсандық үлгерімінің сынып және пәндер бойынша қорытындысы, жеке үйде оқитын оқушылардың мәліметі, оқушылардың білім сапасының талдауы, білім саласыныдағы олқылықтарды жою бойынша мектептің және педагогтардың жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың мәліметін (
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ТО және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілігі, 11.10.2022ж № 15-7-27-10-316 санды хатына сәйкес, 26.10-04.11.2022 ж аралығында күндізгі форматта өтетін жоспарланған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру бюджеттік курсының күндізгі форматына информатика пәнінің мұғалімі А. Пердебаева, тарих пәнінің мұғалімі Е. Асылбек, орыс тілі пәнінің мұғалімі Г. Әділ жіберілді.