Компьютер кабинетінде қосымша сабақтарды өткізу
09.12.2022ж Мұғалімдердің өзара сабаққа ену жоспарының орындалуын бақылау жасалды.
9 - шы желтоқсан күні 11ә сыныбында «ҚР көші - қон саясаты» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Б. Салманов ашық сабақ өтті. Сыныпқа психологиялық ахуал орнатып, «Сәлем-сөздің анасы» оқушылар бір - бірімен сәлемдесіп, «Атамекен» әнін орындап, керемет көңіл-күймен сабақты бастады.
Оқушыларды «Диаспора», «Құрылтай», «Қандастар» деп үш топқа бөлді. Сабақты қорытындылау мақсатында бейнеролик көрсетілді. Көші - қон саясатынгың ерекшелігін, қандастарымыздың, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын анықтады. «Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар берді. Кіріктірілген сабақ Б. Мусабеков пен М.Мауленова сөз алып өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар бір-бірін бағалады бірінші тапсырмада, ҚМЖ 472 бұйрықпен жазылмаған, уақытты үнемдей алмады. Жоспардан тыс тапсырмалар орындатты.