8-ші желтоқсан күні 6а сыныбында «Қара індет не себепті жылдам таралды?» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Г. Абубакирова ашық сабақ өтті. Оқушыларды сабаққа кіру билеті арқылы «Еуропа», «Франция», «Англия» деп үш топқа бөлді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй - тапсырмасын сұрады. Тақырып бойынша суреттер көрсетіп, мақал-мәтел айту, «Болжау» әдісі арқылы сабақтың мақсатын ашты. Бейнеролик көрсетіп, «Оқиға картасы» әдісі бойынша оқушылар топтық жұмыс жасады. Үш топқа тапсырмалар беріліп, қара індеттің Европаға тигізген әсері, оба ауруының өршіген уақытын, адам шығыны туралы дәлел келтіреді. «Ойлан, жұптас, бөліс» берілген мәліметтің ақиқат не жалған екенін анықтайды. Жеке жұмыс, картамен жұмыс жүргізді. «Бекіту» сұрақтары арқылы сабақты қорытындылады. «Шығу» билеті арқылы тақырып бойынша не білгісі, не білгенін жазды. Оқушылар еркін, сабақ мақсатына жетті.