Тарих пәнінің мұғалімі Б. Қалмұратовтың «ХХғ ІІ жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбындағы ашық сабағына ендім. «Өзін - өзі тексеру» әдісі арқылы өткен білімді еске түсірді. Өз ойларын ортаға салып, жаңа тақырыпқа көшті. «Миға шабуыл» әдісі арқылы суреттер арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашып, оқушыларды екі топқа бөлді. «Еркін микрофон» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жүргізіп, идеясын анықтады. Жоспарда дискриптор, ҚБ жазылмаған, картамен жұмыс жүргізілмеді. «Бекіту» сұрақтары арқылы ойларын қорытындылады. Интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Әріптестері тарапынан өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды.