№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Педагогикалық кеңестің жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалды, көкейкесті мәселелер қамтылды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалды, мұғалімдердің баяндамалары, ұжымның пед мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары т.б талқыланды. 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында оқу-тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі, оқушылардың оқу-үлгерімінің қорытындысы, келген кеткен оқушылар мәліметі, оқушыларды пән олимпиадалары, түрлі деңгейдегі байқау, сайыс, конкурстарға, ғылыми жоба қорғау жұмысына дайындау барысы, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың 2022-2023 оқу жылы бойынша таным аймағының даму динамикасына және таным процестерін диагностикалау қорытындысына талдау жасады. Жеке балаларға жасалған зерделеулер қорытындысы мен ұсыныстары таныстырылды.

Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес білім алушылардың жас ерекшеліктеріне орай жұмыстар жүргізілуде. Жаңадан 64 оқушы қабылданды. Жаңадан қабылданғандар арасында бейімделуі барысында жалпы ата-аналар жиналыстары, білім алушылар жиналысы өткізіліп, барлық класс бойынша мектептің ержелерімен таныстырылып, міндеттері туралы нақты айтылды. Күн сайын сынып жетекшілер ата-аналармен, білім алушылармен тығыз байланысып, апта сайын мектеп әкімшілігіне тәртіптері туралы баяндап отырды. Мектеп әкімшілігімен, психологпен, ұстаздар, ата-аналар арасындағы тығыз байланыс, жаңадан қабылданған білім алушылардың ортаға төселуіне көп ықпалын тигізді.