№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Оқушыларды пән олимпиадасына дайындық жұмыстарының жүргізілуі туралы ДОІЖО - ры Ж. Сланбекова Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей суббект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу - әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Пәндік олимпиадалар -  оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден - бір формасы.

Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керектігін айтып өттім пән мұғалімдеріне.

ДАІЖО - ры О. Рашбаева BilimLand ЭЖ бойынша семинар сабақ өткізді. Жалпы пәндерден сабақ беру кезінде видеосабақтарды және тапсырмаларды жиі пайдалануға, уақытты үнемдеу және ақпараттарды қысқа уақытта түсінік беруге өте пайдалы, сонымен қатар оқушыларға қосымша тапсырмалар беруге, мұғалімнің сабаққа дайындалуға үлкен көмек болатындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ағылшын тілін енді үйреніп жүргендіктен, сабақ кезінде қолданатын видеосабақтар және терминдер оқушыларға да, өзіме де есте сақтап қайталауға көмегін тигізіп жатқандығын тілге тиек етті.