Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебінің инспекторы Шерхан Темірханов «Жалған ақпаратпен күрес» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында жиналыс өткізді. Жиналысқа мектеп директоры Д. Тулепов және ДТІЖО Н.Налибаев қатысты.
Мақсаты: оқушыларды фейк (жалған) парақшалардан аулақ болу керектігін , фейк(жалған) парақша арқылы дос ретінде қарыз ақша сұрау немесе жалған фотолар жүктеу арқылы ақша бопсалауды болдырмау.
Көп жағдайда фейк (жалған) парақшаларды педофилдер жасөспірім ретінде танысып, адамдардың сеніміне кіріп , «досы» болуға тырысады. Сол қателіктерді болдырмау мақсатында оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Жиналыс барысында ДТІЖО Н. Налибаев балалардың ата-аналарынсыз, заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта жүруіне, ойын- сауық мекемелерінде болуына тыйым салынатындығы туралы айтып өтті.
#фейкжалған
##тәлім_тәрбие