Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 11.04.2023 жылғы №229-11/05-07/23 хатына сәйкес 24.05.2023 жылы жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлықсыз әлем» атты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сурет салудан байқау өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен 15 үміткер қатысты. Байқауда бақ сынасқан үміткерлердің еңбегін қазылар алқасы саралап, жеңімпаздар анықталды. Аталмыш байқауға №12 жалпы орта мектебінің 8 «Ә» сынып оқушысы Срлыбек Арайлым белсене қатысқаны үшін дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Жетекшісі: Абилханова Улдана.
Жас суретшімізге алдағы уақытта өтілетін байқаулардан жүлделі орындармен, жетістікке жетуіне тілектеспіз.
Марапат құтты болсын!
ҚББП: Есиркепова Ақтолқын
Үйірме жетекшісі: Абилханова Улдана
#Жемқорлықсыз_әлем
#Құттықтау
#Марапат
#N_12_жом