2023 оқу жылының 12 қаңтар күні Түркістан облысы Шардара қаласы №12 жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Жастарға мүмкіндік» тақырыбында Қазақ ұлттық аграрлық университеті биология ғылымдарының кандидаты «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қожахметова Зубайра Әмірбекқызымен кездесу болып өтті. Кездесу мақсаты:Жастарды өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.Жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар туралы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларымен таныстыру болды. Қожахметова Зубайра Әмірбекқызы университет тарихымен таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып, жасөспірімдердің болашағын осы мамандықтармен байланыстырса келешекте мамандық таңдаудан жаңылмай, болашақтары жарқын болатындығына кепілдік берді.