№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«ТАРИХ – ӨТКЕНГЕ САБАҚ, КЕЛЕШЕККЕ – ӨНЕГЕ...» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫНА  МӘЛІМЕТІ

Өткен тарихымыздағы халқымыздың кешкен қиындықтары мен  бейбіт күн үшін күрескен ерліктері мен еңбектерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуде, олардың саналы азамат болып өсуіне үлес қосуда  ұстаздардың еңбегі зор. Оның бір дәлелі желтоқсан  айының 05-12 күндері  аралығында география және тарих пәндері бірлестігі  мұғалімдері «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге...» атты тақырыбында апталығы өтті.

05.12.22ж «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім» тақырыбында тарих апталығының ашылу салтанаты өтті.  Апталық ашылуында жиын өткізіліп, тарихи  көрініс  көрсетіліп, оқушылармен ұстаздарға апталық жоспары таныстырылды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиян – кескіндерді оқушылар өлеңдер және қара сөздер оқу арқылы жеткізді. Апталықтың ашылу барысында тарих ӘБ мүшелері «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Пәндік апталық-оқушыларға ел тарихын танып-білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру  мақсатында жоспарланды. 

06.12.22ж тарих пәнінің мұғалімі Б. Қалмуратов «ХХғ ІІ жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы» тақырыбындағы ашық сабағына ендім. «Өзін-өзі тексеру» әдісі арқылы өткен білімді еске түсірді. Өз ойларын ортаға салып, жаңа тақырыпқа көшті. «Миға шабуыл» әдісі арқылы суреттер арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашып, оқушыларды екі топқа бөлді. «Еркін микрофон» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жүргізіп, идеясын анықтады. «Бекіту» сұрақтары арқылы ойларын қорытындылады.  Интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Әріптестері тарапынан өткізген ашық сабағы жоғары бағаланды. Жаңартылған бағдарламаға негізделген сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар қалыптастырушы тапсырмаларды орындап, өзін- өзі бағалауға да дағдыланып, төселгені көрініп тұрды. Қатысқан мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, әріптесімізге шығармашылық табыс тіледі. Сабақ барысы фотосуретке түсірілді.

07.12.22ж тарих пәнінің мұғалімі Е. Асылбек «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі»  тақырыбында

6в сыныбында ашық сабақ өтті. Оқушыларды үш топқа бөліп, Үй тапсырмасын  «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен білімді еске түсірді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Психологиялық жағымды ахуал орнату мақсатында « Мен жақсымын» әдісі арқылы оқушылар ақ парақтың бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиетін екінші бөлігіне жаман қасиеттерін жазып сол бөлікті жойып жақсы жақтарымен жаңа сабаққа назар аударды. Жаңа тақырыпты болжау үшін тарихи суреттерді қолдана отырып, «мозайка» құрастырып, 4 топтағы оқушыларға суреттер қиындылары таратылып суретті құрастыру арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы туралы өз болжамдарын айтады. Сурет қиындыларын құрастырып суреттен негізгі идеяны анықтап, құрастырылған суреттер бойынша бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы туралы өз болжамдарын жасады. «Ұлы Жібек жолы» оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасады. Жібектің пайда болуы және таралуы туралы ақпараттардың негізінде Ұлы Жібек жолының халықаралық байланыстарға ықпалы туралы қандай болжам жасауға болатыны жайлы постер қорғады. Сабақты «Бес сұрақ» әдісі арқылы қорытындылап, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін,  не білгенін жазды.

7-ші желтоқсан күні 8ә сыныбында «Көлдер мен мұздықтар» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Г. Кенжаева ашық сабақ өтті. Оқушыларды «Көлдер», «Мұздықтар»,  деп екі топқа бөлді.

«Вeer» әдісі арқылы алдыңғы сабақ пысықтады. Бейнеролик көрсету арқылы сабақтың мақсатын ашып, «Әуе шар» әдісі арқылы көлдерді су теңгерімі, химиялық құрамы, қоректену типі бойынша жіктеп, климат пен көлдегі су деңгейін, табиғаттың рөлін анықтап, топпен жұмысты орындады. «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі арқылы сабақты қорытындылап бекітті. Оқушылар сабаққа түгел қатысты, барлығы бағаланды.

Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, жаңа тақырыпты деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында білімдерін толықтырды және өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерін қорғады. Қалыптастырушы тапсырмаларды жұппен орындады.Соңынан қатысқан пән мұғалімдері тиімді және тиімсіз жақтарын айтып, қорытынды жасады.

8-ші желтоқсан күні 6а сыныбында «Қара індет не себепті жылдам таралды?» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Г. Абубакирова ашық сабақ өтті. Оқушыларды сабаққа кіру билеті арқылы «Еуропа», «Франция», «Англия» деп үш топқа бөлді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй-тапсырмасын сұрады. Тақырып бойынша суреттер көрсетіп, мақал-мәтел айту, «Болжау» әдісі арқылы сабақтың мақсатын ашты. Бейнеролик көрсетіп, «Оқиға картасы» әдісі бойынша оқушылар топтық жұмыс жасады. Үш топқа тапсырмалар беріліп, қара індеттің Европаға тигізген әсері, оба ауруының өршіген уақытын, адам шығыны туралы дәлел келтіреді. «Ойлан, жұптас, бөліс» берілген мәліметтің ақиқат не жалған екенін анықтайды. Жеке жұмыс, картамен жұмыс жүргізді. «Бекіту» сұрақтары арқылы сабақты қорытындылады. «Шығу» билеті арқылы тақырып бойынша не білгісі, не білгенін жазды. Оқушылар еркін, сабақ мақсатына жетті.

09.12.2022ж Мұғалімдердің өзара сабаққа ену жоспарының орындалуын бақылау жасалды.

9-шы желтоқсан күні 11ә сыныбында «ҚР көші-қон саясаты» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Б. Салманов ашық сабақ өтті. Сыныпқа психологиялық ахуал орнатып, «Сәлем-сөздің анасы» оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп, «Атамекен» әнін орындап, керемет көңіл-күймен сабақты бастады. Оқушыларды «Диаспора», «Құрылтай», «Қандастар» деп үш топқа бөлді. Сабақты қорытындылау мақсатында бейнеролик көрсетілді. Көші-қон  саясатынгың ерекшелігін, қандастарымыздың,  қазақ халқының өмірі мен тұрмысын анықтады. «Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар берді. Кіріктірілген сабақ түрінде Б. Мусабеков пен М.Мауленова сөз алып өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар бір-бірін бағалады. Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасады, мультимедия кабинетінде  слайдтан тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды. Сабақ соңында басшылар мен тарих бірлестігінің ӘБ жетекшісі Е. Асылбек  және басқа да пән мұғалімдері талдау жасап өз ұсыныстарын білдірді. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.

9-шы желтоқсан күні 5б сыныбында «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі А. Құлмаханова ашық сабақ өтті. Ұйымдастыруда оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырып, оқушыларды суреттер арқылы 1-топ Парадарая, 2-топ Тиграхауда, 3-топ Хаумварга үш топқа бөлді.

Үй тапсырмасын: «Ыстық картоп» әдісі арқылы  пысықтап, оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді. «Болжау» стратегиясы Суреттегі әйел адаммен  шеңбердегі тарихшылардың бір-біріне қандай қатысы бар екендіктерін және бүгінгі тақырыптың қандай болатынын болжады.

«Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбындағы            бейне материалды  тамашалады.

Оқушылардың өздігінен білім алып жаңа тақырыпты меңгеріп белсенділігін арттыру, белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын,  «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болу мақсатында топтық жұмыс: «Домино  ойыны» арқылы «жасырынып» жатқан сұрақтарға жауапты дұрыс орналастыру керек. Картамен жұмыс, жұптық жұмыс орындатты. Сақ тайпаларының орналасуын көрсетті картадан. . « Мұражайға саяхат»   әдісі арқылы әр оқушы өзіне ұнаған суретті алып, ол бойынша мәліметтер береді және суреттерді мұражайға орналастырды. «Идеялар себеті»  өтілген тақырып бойынша білетін мәліметтерін төменде көрсетілген жәшіктерге жазып салды. Сабақта түрлі тапсырмалармен бірге карта пайдаланылды. Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.Сабақта оқушылар топпен  жұмыс жасап, белсенділік танытты, Тақырып бойынша қысқа метражды фильм көрсету арқылы оқушылар  тапсырмалар орындады. Жаңа технологиялық әдістер пайдаланылды.

9-шы желтоқсан күні 7г сыныбында «Дүниежүзілік мұхит құрамдас бөліктері» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Б. Мусабеков ашық сабақ өтті. Оқушыларды топқа бөліп, топ басшыларын сайлап, «Аквариум» әдісі арқылы үй-тапсырмасын пысықтады. Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпқа шолу жасады, кескін картадан тапсырмалар орындатып, алған мәліметтерді саралап, әр оқушы картадан көрсетіп отырды. «Теңіз шайқасы» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар дайындатып, мұхиттың ерекше жағдайын баяндады. Мұхиттың экологиясы арқылы тақтада алған білімдері жайлы постер қорғап, «Микрофон» сауалнамасы арқылы сабақтан алған білімдерін саралап, топтық бағалау жүргізді.

Жалпы сабақ өз дәрежесінде өтті, оқушылар белсенді, су ресурстарының маңыздылығынөзен мен көлдерге оқушылар, Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайын, құрамдас бөліктерін сипаттап,  сабақ өз мақсатына жетті. Сабаққа енген әріптестері жақсы деп бағалады.

12.12.22ж «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім» тақырыбында тарих апталығының жабылу салтанаты өтті. Апталық барысында мектеп оқушылары Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан білімдерін толықтырып, жан-жақты мәліметтерге талқылау жасады. Ел болашағы бүгінгі -жастар деген  тұңғыш Елбасы сөзін ұстанған оқушылар Қазақстанның болашағы зор, әрі әлем деңгейінде көк туымыздың көрінетіндігіне сенетіндіктерін, сондай-ақ осы белеске жетуде болашақ жастардың үлесінің мол екенін айтып өтті.

Қорытындылай келе,    Апталық  аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс пәндік сайыстар ұйымдастырылды. Оқушылардың тарихи танымын, пәнге деген қызығушылығы мен білімдерін арттыру мақсатында өткен ашық сабақтар ерекше жаңашылдықпен, үлкен талпыныспен өткізіліп, оң бағасын алды.  Пән мұғалімдерінің  ізденісі тек ашық сабақтармен ғана шектелмей, сыныптан тыс шаралар да үлкен  дәрежеде өткізілді. Белсене қатысқан оқушыларға естелікке сыйлықтар беріліп марапатталды.  

Апталықта барлық сабақтар жоғарғы әдістемелік дайындықпен өткізілді. Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды.

Апталықтың соңында қорытындысы шығарылып, мектеп директоры Д. Тулепов  қатысып, жақсы баға берді. Апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды. Барлық ӘБ мүшелері сыныптан тыс сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

ДОІЖО-ры:                Ж. Сланбекова