Түркістан облысы Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N12 жалпы орта мектебінде 20.01.2023ж күні 9-сыныптар арасында "Мамандық әлеміне саяхат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс -шара мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау. Кәсіби бағдар беру, түрлі ойындар мен сұрақ жауап арқылы танымдық процестерін дамыту. Жасөспірімдер өздері таңдаған мамандық иесі болу үшін сол маман кейіпіне еніп, оброзын сомдай білді.
Аспазшы мамандығын таңдаған оқушылар сол жерде көкөніс салатын жасап, шаштаразшы мамандығын таңдағандар шаш үлгісін жасап үлгерді. Іс- шараға келген қонақтар мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Данияров , мектептің ата-аналар кеңесінің төрайымы Қ.Абдиева ханым түлектерге ризашылығын білдіріп, мамандық таңдаудағы өз ақыл кеңестерін берді.
Тілші мамандығын таңдаған оқушымыз мектеп директорынан Д. Тулеповтен сұхбат алып, мұғалім мамандығына келген еңбек жолдарын тереңдете білді.
Барша қатысқан ұстаздар оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау қажеттігін айтып, өз жылы тілектерін айтты.
Іс- шараны дайындаған: ДБІЖО Г.Батырмбетова
КББП Ш. Әбдімәулен
Мектеп психологі: Б.Өрісбаева.
#Мамандыққа_саяхат
#Бақытқажолпсихологиялықапталық