№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

N12 жалпы орта мектебініне 27.04.2023ж күні Түркістан облысы Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қасиет"әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан "Ұрпақтар сабақтастығы"акциясы аясында "Атадан-өсиет,анадан- қасиет" тақырыбында жас ұрпаққа жақсы тәрбиелік мәні бар сөздер айтқалы зейнеткер ата-апаларымыз келді.

Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік,ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату,ер балаларды үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор,еліне қорған болар азамат тәрбиелеу.

Кездесу барысында: 73 жастағы Мұратұлы Кеңесбай атамыз оқушыларымызға халқымыздың рухани байлықтарын яғни оның салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары біздің ұлттық болашағымыздың,халықтық қасиетіміздің өзімізге де,өзгеге де жазбай танытатын асыл мұрасы екендігін айтып өтсе,ал зейнеткер аналарымыз Ахатаева Ұлбосын,Авельбекова Айткүл апаларымыз қыз баланы тәрбиелеуге ерте заманнан ерекше мән берген.Себебі, қыз- өмірдің қызғалдағы,елінің көркі.Сондай-ақ "Қыздың жолы жіңішке","Қыз-өрісің"деп,қыз баланы қонақ ретінде сыйлаған деп өздерің керемет өнегелі әңгімелерін айтып жеткізді.Кездесу оқушыларымызға ұнады.

Қорытынды:Заманымыздың заңғар жазушы М.Әуезов жастарға қарап отырып, "Біз базардан қайтып бара жатырмыз,ал сендер базарға келе жатқан ұрпақсыңдар"деген екен.Олай болса,бүгінгі мектеп қабырғасындағы жасөспірімдеріміз ертең бұралаң жолға түсіп кетпес үшін,Сіз бен біз болып екі жақтан тәрбие берейік.

#үмітсенімалғажетелейді

#психология_тәсілдері