№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогының жоспарына сәйкес, қысқы демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үйірме жетекшілердің ұйымдастыруымен 5.01.2023ж «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты!» тақырыбында 5-ші сыныптың оқушылары оқыған кітаптары бойынша кейіпкерлердің суреттерін керемет етіп салды. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.Қазақ  ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.

ҚББП: Есіркепова Ақтолқын

 Үйірме жетекшілері:

 Абилханова Улдана

 Досаева Ырысгүл

#Қысқы_демалыс

#Үйірме _жұмыстары