№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N12 жалпы орта мектебінің басшысы Д.Тулепов және мектеп инспекторы Ш.Темірханов, ДТІЖО Н.Налибаев мектеп оқушыларымен ауа-райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жайында түсіндірме жұмыс жүргізді.

Мақсаты: қыс мезгілінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі және су бетіне қатқан мұзда сырғанаудағы сақтықты жоғарылату.

Қыста балалардың барлығы дерлік шана тебуді , төбешіктен сырғанауды, қар лақтырып ойнағанды және аққала жасағанды жақсы көреді. Алайда, балалардың қуанышын жарақаттар басуы мүмкін. Жағымсыз салдардан қорғау үшін қауіпсіздік ережелерін есте сақтаған жөн.

Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағанын көргеннен кейін ғана өту қажет. Өзен- көлдердің бетіне қатқан мұзға сырғанау қауіпті екендігін түсіндіріп өтті. Сынып жетекшілеріне және ата- аналарына балаларды таңғы және кешкі аяз кезінде шықпауына, үнемі назардан тыс қалдырмауын айтып өтті.

Балаларға қауіпсіздік ережелерін үйрету олардың көптеген қауіпті жағдайлардан аулақ болуына көмектеседі.

##қауіпсіздік_ережесі#

#ЕСТЕ_САҚТАҢЫЗ!