№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 12 жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптарының 2022-2023 оқу жылындағы 6-24 ақпан аралығында өтетін "Ұстаз көштен қалмаса, ұрпақ озады" тақырыбындағы мұғалімдердің шеберлігін арттыру мақсатында сайыс сабақтарының жоспары түзіліп, мектеп директорымен бекітілді.Жоспарға сәйкес 2023 жылдың 8-ақпан күні 4 "А, Б" сыныптар арасында пән мұғалімдер Сағындыкова Айсапар және Аман Жанна апайлар Жаратылыстану пәнінен "Жаратылыстану әлеміне саяхат!" атты сайыс сабақ өтті.

Сайыс сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын,таным белсенділігін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Сыныптар "Достық" және "Тұлпар" деген топ аттарымен сайысқа түсті.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру, сәлемдесу

2."Ұшқыр ой" ойыны

3."Тез айт, бірақ қателеспе" ойыны

4."Кім шапшаң?" ойыны

5."Адасқан әріптер" ойыны

6."Ойлан, тап!" ойыны.

Оқушылар сайысқа белсене, қызыға қатысты. Сайыста ұпайды көп жинаған топ "Тұлпар тобы" 1-ші орынға ие болды. Ал ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.