№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Іс шара мақсаты: 

 Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз  намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз  балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке  бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.

Іс шара әдісі:

пікірлесу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру.

Бүгін біздің «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» тақырыбында  ұйымдастырылып отырған қыздар жиналысына 8-11 сыныптар  қатыстырылды.

Ата-бабамыз ежелден бала тәрбиесіне терең мән  берген. Қызының намысына дақ түспеуін қадағалап, ел болып тыйып отырған. Қазіргі нарықтық экономикаға бет бұрған заманда ұлттық тәрбие кенжелеп қалған сыңайлы. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші, тәрбиені босаңсытып алғанымыздың кесірін тартып-ақ жатырмыз. Ел жүретін орындарда тапа-тал түсте қаракөздеріміз шылымды түтіндетіп, жігіттердің мойнына асылып, сыра ішіп, кальян шегу «модаға» айналғаны, «бір күндік қызық» бәсекесінен қалмауы – бөрікті ұл мен көрікті қыз өсіруді армандаған қазақ халқына түрпідей тиюде. «Қызға қырық үйден тыйым» сала алмай, ырымдар мен тыйымдарды жетелеріне жеткізе алмай, пұшайман халде қалдық па деп қорқамын.

 Намысшыл елдің ұрпағы едік, бүгінде шетелдіктерге еліктеп, ата-баба салтынан ауытқып кеттік пе деп қорқамын.

 Қыздарымыз алдымен аяғы ауырлап, кейіннен тұрмысқа шыққаны шығып, ал ата-анасынан қорыққандар жетімдер үйінің алдына перзентін тастап кетіп жатыр. Ол аз болғандай, «әжетханаға шаранасын тастады», «көше бойына жаңа туған нәрестесін лақтырып кетті», «итке  тастады» деген жантүршігерлік оқиғаларды да құлақ естіп, көз көруде. Немқұрайлы отыра бермекпіз бе сонда?!

Қоғамдағы осы қайшылықтарды болашақта жасөспірім қыздарымыз қайталамасын деген мақсатпен  өтізілген іс-шараларымыздың бірі.

Қыздар жиналысын  ұйымдастырған ДТІЖО  Н.Усенова

Мектеп педагог-психологі  Б.Өрісбаева

#Қыздар_жиналысы

# Қызды қымтап ұстаған ұялмайдыa