Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебінде 2023 жылы 25 қаңтар күні «Информатика, физика және математика» пәндерінің " Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар" тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету.
Апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді.
Апталықтың ашылу салтанатында
Математика - бар ілім басы,
Математика - ғылым патшасы .
Математика- өмір тірегі,
Математика - шәкірт жүрегі ,- деп оқушыларымыз математика пәніне арнап жыр- шумақтарын айтты.
"Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт"- демекші, оқушыларға математика, физика және информатика пәндеріне байланысты сұрақ- жауап ойындары да ойналды. Сіздерді 25 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, тәжірибе алмасуға шақырамыз.
Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!