№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Тамыз

2022 жылдың 26-тамыз күні мұғалімдердің аудандық тамыз конференциясы (педоқу) өтті. Тамыз конференциясына мектеп  директоры Д. Тулепов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Сланбекова, жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Б. Салманов, директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Ш. Азбергенова  т. б мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері өз саласы бойынша  қатысты. Мектеп мұғалімдері мен (МАДТ) тәрбиешілері және барлық педұжым мүшелері мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесі жұмысымен таныстырылды және жаңа  оқу жылында алға қойылған мақсат-міндеттермен танысты, жаңартылған (оқу) білім беру мазмұнымен танысты.

ШААӘДБ-нің хатына сәйкес 2022 ж 1-қыркүйегі күні бірінші сабақ «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында өтілуі керектігі пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерге айтылды.

1-сыныпқа қабылданған оқушыларды тіркеуге алу, құжаттарын жинақтау, ата-аналарымен түсіндірме жұмысын жүргізу, оларды мектептің ішкі тәртіп ержесімен таныстыру жұмысы іске асырылды. 1-сынып оқушыларына оқулық (жаңа үлгідегі) тарату жұмысы (кітапханада) атқарылды. Оқулықтар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығарылған. 2022-2023 оқу жылында барлық сынып оқушылары кітаппен қамтылды.

Сынып бөлмелері мен пән кабинеттері белгіленді, оқу жылына дайындығы тексерілді (арнайы құрылған комиссия құрамы)

Мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесіне дайындық (көрме ұйымдастыру) жұмысы жүргізілді және 2022 жылдың 26-тамызы күні өткен тамыз кеңесіне мектеп директоры мен оның оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысты, тамыз кеңесінде қаралған мәселелермен мектеп педұжымы таныстырылды.

Сабақ кестесінің үлгілік жобасы жасалды. Сабақ кестесі жаңа үлгі бойынша және Шардара аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жасалды.

Әрбір сабақтың ұзақтығы 45 минут, үзілістердің ұзақтығы 10-15 минут. Мектеп мұғалімдері мен  жиналысы өтті.

Педагогикалық кеңесте бүгінгі күннің өзекті мәселесі жас ұрпаққа білім берудегі жүйемен және міндеттермен таныстырылды.

2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:

Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы);

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым минимтрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы, №500 бұйрығына 5-9 сыныптар үшін 6-қосымша, 10-11 сыныптар жаратылыстану-математика бағыты бойынша 22-қосымша, 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 21-қосымша, төмендетілген оқу жүктемесі педагогикалық кеңесте қарастырылып және ата-аналар комитетімен қамқоршылық кеңестің  келісімімен шешім қабылданып, оқу жұмыс жоспары жасалынды. 2022-2023 оқу жылының жұмыс оқу жоспарымен таныстырылып, талдама жасады. 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алады.  Келесі сұрақ бойынша білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, білім алушылардың сабақ режимі, оқу жүктемесін бекіту туралы айтты.

2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі.  Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау «Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылатыны жайлы сөз қозғады. (өзгерістер мен толықтырулар 2020 жылғы 7 тамыздағы №332 бұйрығымен бекітілген).

Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).

2020 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде хабарлама жасады. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл көрсетілетін қызметті беруші арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады. 2022-2023 оқу жылында мектепке 1 сыныпты қабыладу бойынша енгізілген өзгерістер туралы айтты. Мектепке 1 сыныпқа 49 бала қабылданды. 2022 жылғы 12 қыркүйекке дейінгі жазғы қозғалыста 2-11 сынып аралығында 11 оқушы кетіп, 52 оқушы қабылданды. Жалпы 1-11 сыныпта 677 білім алушы, 0-11 сынып бойынша 712 білім алушы, 38 сынып комплект болып тұрғанын жеткізді.

Шардара ауданының адами әлеуетті  дамыту бөлімінің   15.08.2022 жылғы №06/10-4/149 хатына сәйкес «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты облыстық тамыз кеңесінің аясында Ордабасы ауданы, Б. Оңтаев атындағы жалпы орта мектеп базасында өтетін облыстық тамыз кеңесіне қазақ тілі пәнінің мұғалімі С. О. Базарбаева жіберілді.

Орта мектепті бітірген оқушылардың оқуға, жұмысқа орналасуы туралы сынып жетекшілерден мәлімет алып ҰБДҚ-на ендірттік.

Тарификацияға құжаттар дайындау, оқу жүктемесін, сынып жетекшілікті, үйірме жетекшілерін бөлдік.

 

1-кесте. Мектепішілік бақылау нормативтері

Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

- директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ; - білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ; - 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут

2

Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

3

Электронды сынып журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша

5

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес