№12 жалпы орта мектебінде «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» тақырыбында тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Сланбекованың ұйымдастыруымен 10-11 сыныптар арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқушылардың тілге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» а тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойын ашық айтып, егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік екенін жеткізе білді. . Тіл тағдыры туралы көкейді жүрген көп ойлармен бөлісті. Оқушылар өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғына білді.
"Тіл тағдыры – ел тағдыры” сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиістігін, туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы екенін сезінді.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.