Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N 12 жалпы орта мектебінде 06.02.2023жылы математика пәнінің мұғалімі Шүкірбай Арай 6"А" сыныбына ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы.
Мақсаты: сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын таба алады. Сабақ өту барысында “Алып іздер”әдісімен жағымды ахуал қалыптастырды .Қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлді. Үй тапсырмасын "Мен саған, сен маған "әдісімен тексерді. Өткен тақырыпты қайталауда “Білім жәрмеңкесі” әдісі қолданды. Оқушылар оқу құралдарын таңдай отырып, сұрақтарға жауап берді. Топтық,жұптық және жеке тапсырмалар қолданды, білім заряды арқылы бағалап отырды. Жұптық жұмыста “Пицца” әдісін қолданып есептер шығарды. Топпен жұмыста “Қатесін тап” әдісі арқылы оқушылар есептің қатесін таба отырып, әрі сыни тұрғыда ойлауын дамытты. Сабақ көрнекі құралдармен, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып өтілді. Сабақ соңында белсенді оқушыларды ынталандыру мақсатында “Купондармен” бағалады. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары артып, сабақ мақсатына сай, өз дәрежесінде өтті.