№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

13.02.2023 жылы «Ифм» апталығының жабылуына №12жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сайман Гульнур 9 «Ә» сыныбына сыныптан тыс «Қызық екен» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, оқушыны ізденімпаздыққа, өзіне өзі сенімді болуға және логикалық,ойлау қабілеттерін дамыту. Ойынды Қазақстан телеарнасында көрсетілетін бағдарламаның аналогы ретінде өткізді. Слайд жасалып 12 ұяшыққа сұрақтар беріліп,әр сұрақтың дұрыс жауабына бейнеролик жасалды. Ойын шарты бойынша екі топқа барлығы 12 сұрақ берілді. Әр дұрыс  жауапқа 10 000 теңге берілді. Бірінші топтың жанкүйерлер саны 8, екінші топтың жанкүйерлер саны 7 болды. Ойын шарты бойынша жанкүйерлері көп топ, яғни ,бірінші топ бастады. Ойында 12 cұрақ қойылды. Сұрақтарға жауап беру қорытындысы бойынша 1 топ 30мың, 2 топ 60 мың ұтты. Жеңімпазды анытау үшін шешуші 13 сұрақта екі топ бәс тікті. 1 топ бар соммасын тікті, екінші топ 42500 теңгелерін тікті. 13 сұраққа екінші топ дұрыс  жауап беріп, 102500 теңге еншіледі. Оны жанкүйерлер мен қатысушыларға бөлгенде 9318 теңгеден түсті. Ойын қызықты өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Ойын соңында «Информатика, математика және физика» апталығының жабылу салтанаты өтіп, 9 Ә сынып оқушысы Тойлыбай Дінмұхаммед «Балбырауын»  күйін тартты. Оқушылар ұстаздарға алғыс әнін хормен шырқады. Осылай 2.02- 13.02 .2023 аралығында «ифм» апталығы жоғары деңгейде өткізілді.