Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А У !
50 - Ж А С
ҚҰРМЕТТІ САЛМАНОВ БЕКЖАН МЫРЗА СІЗДІ ЖЕКЕ ТӨЛ МЕРЕКЕҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой - беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой - беделіңіз!
Ердің жасы 50-ге келіп тұрсыз,
Шынардай шың басына шығып тұрсыз.
Кернеген бойыңдағы күш – қуатты,
Егемен еліңізге беріп тұрсыз.
Күш–қуат әлі дағы арта берсін,
Жүрегіңіз жақсылықты сарқа берсін.
Денсаулық жақсы болып әрқашанда,
Жасыңыз 100-ге дейін жете берсін.
Отбасы аман болып, бала-шаға,
Солармен кенеліңіз тамашаға.
Көгілдір көк аспанды елімізде,
Сіздердей ардақтылар жарасады!
Ізгі тілекпен: мектеп ұжымы.