2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ АПТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР, ӨТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
Қазақ тілі - кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі, ұраны және тірегі. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында 07.10-14.10.22ж аралығында «Қазақ тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді.
Бұл іс-шараларға пән мұғалімдері, мектеп оқушылары белсене қатысты.
07.10.2022ж 9 а сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Усербаева автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін табу мақсатында «Шешендік сөздер» бойынша ашық сабақ өтті. Сабақ барысында сыныпты «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, «Кубизм» әдісі арқылы үй-тапсырмасын сұрап, тақырып бойынша бейнеролик көрсету арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, үй тапсырмасын еске түсіріп алды. «ДЖИКСО» постермен жұмыс, венн диаграммасы арқылы кейіпкерледі салыстыра білді. Топтық жұмыс арқылы постер қорғады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
07.10.2022ж «Өз проблемаңнан жеке қалма» тақырыбында 8 сыныптар арасында К. Бурибекова дебат сабағын өткізді. Дебат сабағы барысында оқушылар өз ойын ашық айтып, егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік екенін жеткізе білді.
11.10.2022ж 10 а сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Зулбухарова 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау мақсатында А. Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын өтті. Оқушыларды «Атом- молекула» ойыны әдісі арқылы «Ескендір» , «Аристотель» тобы деп бөлді. Үй тапсырмасын «Оймоншақ» әдісі арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өткен сабақ бойынша оқушылар бір-бір сөйлемнен айтып шығып, сөйлемдер бір-бірімен логикалық байланыс жасады.
Қызығушылықты «Кросеанс» әдісі арқылы берілген суреттерді байланыстырып, «Ескендір» поэмасының сюжетін баяндап, жаңа сабақтың тақырыбын анықтады.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап , композициялық құрылымына талдады. Шығарма кейіпкерлеріне салыстырмалы мінездеме берді. Әр тапсырмадан соң «Фишка» әдісі арқылы қалыптастырушы бағаланды. «Екі түрлі түсіндерме күнделігі» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасалды. Мәтіннен үзінді оқып, үзінді мазмұнына сәйкес мақал –мәтел айтты. «Кезбе тілші»» әдісі бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылып, поэма желісі бойынша сурет салды. «3 Қ» әдісі арқылы кері байланыс жасады.