Түркістан облысы Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 11.05.2023ж № 229-01/02-17/1813 хатына және ҚР Премьер- Министрі (2023 жылғы 27 сәуірдегі № 15-11/ Б-272 лп) тапсырмасына сәйкес №12 жалпы орта мектебінде ағымдағы жылдың 12 мамырында оқу –жаттығулар шеңберінде білім беру обьектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде оқу- жаттығу жұмысы техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде 15 минуттық үйрету сабағы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп инспекторы Асқар Қарсыбеков, директордың уақытша міндетін атқарушы Ж. Сланбекова, ДТІЖО-ры Н. Үсенова, АӘД жетекшісі Н. Алипбаевтың ұйымдастыруымен бірінші ауысымдағы жоғары сынып оқушыларымен террористік жағдайлар болған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау жөнінде жан-жақты таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Террористік іс-әрекет болған жағдайда мектеп қарауылы, мектеп басшысы мен мектеп штабына хабар беруге міндетті екендігі таныстырылды. Террористік іс-әрекеттерден сақтандыру мақсатындағы оқу-жаттығу жұмыстарына мектеп оқушылары мен педагогтері уақытылы қатысып, есеп жұмыстарын тиянақты орындап шықты.