Күні кеше Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N12 жалпы орта мектебінде 8.02.2023 ж ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадина Мауленова "Рractice makes perfect" тақырыбында сыныптан тыс керемет іс-шара өтті.
Мұндағы мақсат-оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын одан әрі дамыту, коммуникативтік біліктіліктерді сөз әрекетінің төрт тілінде-тыңдалым, сөйлеу, оқу, жазуды, қарым-қатынасты шет тілінде жүзеге асыру.
Ізденімпаз Мадина қыз өзі оқытқан оқушыларының ағылшын тілін қаншалықты меңгергендігі жайлы Нидерланд елінің азаматы, Шымкент қаласының Тілдер орталығында жұмыс жасайтын тренер Рензе Костер есімді маманды шақырып, олармен практикалық түрде сөйлесу клубын өткізді.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сөйлеп отыр. Риза болған көрермендер, өз ісінің білгір маманы Мадинаға, "ізденімпаз мұғалімнің бірі де бірегейісің, тек өрлей бер",- десе, екіншісі осындай іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілек-ниеттерін білдірді.