Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала тәрбиесі-баршаның ісі» тақырыбында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық алдын - алу, өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайларды болдырмау мақсатында 6 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста 6-шы сыныптардың кураторы, ДОІЖО-ры Ж. Сланбекова өз баяндамасында баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы екенін, отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасатыны, еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз екенін ата-аналарға айтып өтті.
6 сыныптың жетекшілері А. Жорабекова, Г. Абубакирова, К. Бурибекова мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата – анасы екенін, сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс екендігін, бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алатындығын, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол екендігін керемет жеткізе білді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Налибаев ата-аналарға балаларының көшеде жүру тәртібі, ережесі, көлік айдауға рұқсат берілмейтіндігі, көктемгі дала жұмыстарына шығуға болмайтындығы, кешкі мезгілде кафе- барларға, ойынханаларға баруға тиым салынатындығы, мектепке велосипед айдап келуге болмайтындығын т. б алдын - алу жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар және ұялы телефонды мектепке алып келетін оқушыларға қатаң ескерту беріліп, үнемі бақылауда болатындығын, қазіргі таңда белең алып отырған өзге ағымдардың жетегіне жас жеткіншектердің тез алданып қалатындығын, одан қалай сақтану жолдарын да түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар алдағы мерекелік демалыс күндері табиғат аясына серуенге , тарихи орындарына саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығы ескертілді.
Жиналыс соңында буллингтің алдын - алу мақсатында бейнеролик көрсетілді.
#12 ЖОМ
#тәрбиеқұндылықбөлімі
#балаларжылышардара