№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы

Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес 9 желтоқсан Халықаралық, Сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өту аясында ауданның мектептерінің «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының жиыны ұйымдастырылады.

Жиынның мақсаты:

- «Әділетті қоғам» ұғымы аясында оқушылардың танымдық, шығармашылық, интеллектуалдық білімін көтеру;

- Өскелең ұрпақтың сыбайластыққа төзбеушілік іс әрекеттерін қалыптастыру.

- Мектептердегі «Адал Ұрпақ» клубтарының өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

Кезең:

1 аймақ

М. Әуезов ат. ЖОМ базасында 25 қараша күні, сағат 10:00 өтілді.

№12 жалпы орта мектебіміз 1 аймаққа түсіп, шарттарды жақсы орындап шықты.

Жиынға «Адал ұрпақ» клубының командасы клубтың арнайы туымен (жаңа логотипі) киім үлгісімен, эмблемасы, топтық ұрандарын барлыған шартқа сай ұйымдастырып бардық.

ШАРТТАРЫ:

1. «Адал ұрпақ» клубының 2021 - 2022 оқу жылында атқарған жұмысы бойынша презентация жасау, қорғау (слайд)-3мин

2. Кинофильм.« Адалдық, Парасаттылық, Әділдік» тақырыбы аясында балалары өздері түсірген, өздері роль ойнаған қысқаметражды кинофильм - 3 мин.

3. Тақырыптық бүктеме.«Адал ұрпақ» мектеп клубының мектеп мектеп оқушыларымен жүргізген насихат жұмысы туралы - 8 бет.

4. Тақырыптық эссе. - «Адалдық», «Парасаттылық», «Әділетті қоғам» тақырыптары аясында, 250 - 300 сөз.

Берілген шарттары бойынша оқушылар керемет етіп қорғап шықты. Алдағы уақытта оқушыларға тілерім аймақтықтан, аудандықтан өтіп мектебімізді жоғары көтеріп I - орын алуларына тілектеспіз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!

Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де, білімді, айбаттымыз.

Қыран құстай самғаймыз көк аспанда,

От болып жанған «Жалын» тобы ТЕК АЛҒА!!!

ҚББП: Есіркепова Ақтолқын

Үйірме жетекшілері:

Абилханова Улдана

Досаева Ырысгүл