№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N12 жалпы орта мектептің 8 ші сыныптар арасында ұйымдастырылған “9 - мамыр Жеңіс күні” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тақырыбы: «9-мамыр Ұлы Жеңіс күнімен!»

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, үлкенді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге, отанына патриот болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында оқушылар соғыс жайлы, соғысқа аттанған балаларын, жарын зарыға күткен аналар жайында көріністер көрсетті. Жыр- шумақ, ән- жырларымен жүректі тебірентіп , көрерменнің көзіне жас ұялады.

9 - мамыр Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 78 жыл өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 78 жылдығы. 9 – мамыр Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс жеңіс ғаламат күн! Ешқашан соғыс болмаса екен!

#ҰлыЖеңіске_78жыл

##Ешқашансоғысболмасын