№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ШАРДАРА ҚАЛАСЫ

№12 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ КММ

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ №12 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ  АЯСЫНДА

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»  АТТЫ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ІС-ШАРАСЫНДАҒЫ «АБАЙДЫ ӘЛЕМ ТАНЫСЫН, ӘЛЕМ ТАНУЫ ҮШІН АЛДЫМЕН ҚАЗАҚ  ТАНЫСЫН!» АТТЫ ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі :  Ж. М. Сланбекова

1 МАҚСАТЫ

Білім алушылардың еліне, ұлттына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сенуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту. жас ұрпаққа ана тілінің қадір қасиетін ұғындыру. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін ояту. Поэзияға қызығушылығын ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру

2 КӨРНЕКІЛІГІ

 Ұлағатты сөздер, ақынның портреті, қазақы ауыл бейнесі.

3 ӨТКІЗУ ӘДІСІ

Музыкалық сахналық қойылым.

Қатысатын білім алушылар саны 18

4 ӨТЕТІН ОРНЫ

  Акт залы

5 САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

5.1 КІРІСПЕ СӨЗ

Сүндетәлі

Құрметті ұстаздар, оқушылар және Абай өлеңін жан­ тәнімен, ыстық 
жүректерімен сүйетін қауым! Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай қазақ халқының данышпан ақыны, ұлы ақыл-ойшысы, жігерлі қоғам қайраткері.

Марал

Абай халқын сүйді: Халқының көшін жаңа жолға, өнер-білім, өсу жолына бастады; халқының тарихын өзгертіп,жаңғырту жолында қажымай еңбек етті., қазақ елінің бүгінгідей бай, ерікті, мәдениетті, күшті, бақытты ел болуын аңсады.

Сүндетәлі

Абай қазақтың әрбір ұлы, қызының еркі, бостандығы үшін, өнерлі, білімді, қайратты, мінезді болуы үшін, ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдіру үшін күресті;

Марал

Оларды халқын сүюге, халқы үшін, адам баласы үшін қызмет етуге шақырды, адамгершілікке баулыды.

Сүндетәлі

 Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады. Бүгін ерекше күн. Себебі, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырлары оқылады, әндері шырқалады.

Сүндетәлі

Олай болса құрметті ұстаздар, оқушылар  «Абайды әлем танысын, Әлем тануы үшін алдымен қазақ  танысын!» атты тәрбие  сабағына  қош келдіңіздер!

Марал

Дана Абайды
Қазақтың ақылына балаймын!
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан алаңы, мұңы бар, ­қазағы бар Абайдың!-бүгінгі кештің тізгінін өзімнің шәкіртерім  бастағалы отырмын.

Сүндетәлі

Арлы Абайды
Қазақтың қайраты деп ұғамын,
Қайда барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

Марал

Дара Абайды
Қазақтың жүрегі деп білемін!
Жүректі шер меңдесе, таба алады кім емін!?
Ақындардың ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған сәби саусағын, қайран менің жүрегім!

Сүндетәлі

 Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық
мұңын шерткен Абай мұрасы ­мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама
сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап, адымдап
келеді. Олай болса Абай өмірінен сыр шертетін бейнетаспаға назар аударайық.

Марал

Абай!
Поэзия әлеміне самғадың,
Әділетті көксеуден еш талмадың.
Ақындардың көшбасшысы атанып
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның.

Сүндетәлі

Абай!
Өзің едің өлең ­жырдың тарланы,
Шоқ жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым
Қолдасын деп Абай ата аруағы.

Марал: Абай!
Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады- деп, Абай поэзиясының зор мәдениеттілікпен, күшті ақындықпен, тамаша шеберлікпен жазылған бір саласы ақын шығармаларының тағы бір биік шыңы-табиғат лирикалары.   

«Жыл мезгілдері» орындайтын 5 в сынып оқушылары         

Сүндетәлі

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,       

 Әнді сүйсең, менше сүй – деп, Абай атамыз айтқандай   кезекті әнге берейік. 11 а сынып оқушысы Г. Сатыбалдының орындауцында «Көзімнің қарасы» әні

Марал:Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділданы алып берді. Сөйтіп Құнанбай арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билік үзілмеген Қара көк тұқым Қаз дауысты Қазыбек бидің әулетімен құда болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті. Осылайша Абайдың нағашылары енді оның қайынжұртына айналды.

Сүндетәлі

1890-91 жылдары 18 өлеңді дүниеге әкелген ақын қаламы бұдан кейін саябыр тартты. Оның себебі 1890 жылдан бастап, ұлы ойшыл өзінің қарасөздерін жазуға кірісті.
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Осы Абай мен Тоғжанның махаббатын бейнелейтін шағын көрінісімізді тамашаласақ қалай болады.

Марал: Дұрыс айтасың Сүндетәлі. Абай мен Тоғжанның махабатының куәсі болайық

Жамила: Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жараны салғандай болады. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмаған-ды. Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойған еді. Алғашқы көргенде Абайдың Ділданы жатырқауында, оған үйренісе алмауының астарында осынау мұңлы сыр бар еді. Тауөркеш-Асыл Тоғжанның туып -өскен жері Абай екеуі осында жолыққан. Абай: Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,Аспанда ай менен күн шағылса да.Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,Саған жар менен артық табылса да..                                  

Тоғжан :   Таң атып қалды, біреу - міреу көріп қалса масқара боламыз.

Абай: Сәл сабыр етші Тоғжан

Тоғжан: Бөгелмеңіз, барыңыз енді, маған келмеңіз. Таяуда атастырылған күйеуім келеді.

Абай: енді екеумізге қайтып кездесу, мүмкін емес дегің келіп тұр ғой.

Тоғжан : Я енді бәрі кеш. Біреулер келе жатыр менің әкем Сүйіндік пен сіздің әкеңіздің аразы екенін бүкіл ауыл біледі. Олар егер бізді ұстап алса, сізді бірінші жазалайды. Келе жатыр.

Абай : Қош, қош Тоғжан қош.

Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Жамила : Абайдың бұл көргенінен кейінде Тоғжанды көруге сан мәрте асық болады. Тоғжан да оны ұнатып, олар бірнеше рет жасырын кездескен еді. Бірақ, Тоғжан Абайға бұйырмады. Ол кейінірек амалсыздан Аққозы деген біреуге тұрмысқа шығады. Сөйтіп, Тоғжан Абайға арманда кетеді. 

Сүндетәлі

Арманда кеткен Абайды көріп көңіліміз құлазымасын.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.- деп, кезекті биге берейік  «Қазақ биі» орындайтын 11 а сынып оқушылары  

Марал:

Қара сөздерінің бірінде Абай: «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойландым»-дейді. Өзінің бай-жуандардан, би-болыстардан жерігенін айта келіп, Абай әлгі ойына өзі былай жауап береді.: Енді әлбетте, момындығынан: «ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп берегенімен жағаламай, жарымын беріп, жарымын тыныштықпен баға алмай, өзі залым қуларға жеміт болып жүрген момын шаруаны аямасаң, соның тілеуін тілемесең болмайды, сонан басқаны таба алмадым дейді 22 қара сөзінде.

Сүндетәлі     

Абайдың қара сөзін оқып көрші,
Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші.
Әрбір сөзінде терең ой бар,
Тереңін сен бақылап ,байқап көрші. Кезекті Абайдың қара сөзіне берейік

Абайдың қара сөздері орындайтын 6 сынып оқушылары.

Сүндеттәлі

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.- деп, 8 ә сынып оқушысы Жұмабек Балауса орындауында

«Тор жорға»  күйі 

Марал

Өлеңінде өзі айтқандай, Абай ерте оянды. Оянды да қазақ халқының жаншылып, жапа шегіп жатқанын, түнекке, тұйыққа қамалып отырғанын көрді соның дәлелі ретінде 7 ә сынып оқушыларын ортаға шақырайық! Ақын өлеңдеріне жыр шумақтарын арнасын!             

Көрініс : 9 а сыныптың оқушыларының  17 қара сөзі

Сүндетәлі: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?».
Ақыл : «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы Жүрек : «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?»                                                      

Ғылым:
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап :
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы.

Сүндетәлі

Дүние жүзі біледі, Ұлы ақыным Абайды,

Оның жазған қара өлеңі, поэмасы

Тамсандырған талайды.

Келер ұрпақ Абайдай Ұлы тұлғаның өлеңдерін

Жатқа айтса жарайды-демекші Салтанат апайымыз өзінің шәкірттерімен «Еркесылқым» күйімен ортаға шақырамыз!

Марал:

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен қорытындылағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге-демекші Абай қазақтың жаңа, сыншыл-реалистік әдебиетін мағынасы терең, тілі орамды, өрнегі шебер, кестесі көркем әдебиетін жасады. Шын мағынасында өлең өнерін жасады.

Сүндетәлі:

Абай өлеңдері мәңгі жасайтын асыл сөз қазынасы, ол қазақ халқының Абай тұсындағы тұрмыс суреті, дүние тануы, мінез-құлқы, мұң-зары, тілек-арманы, жапа көрген, көп шыдамдылық пен жақсы болашаққа сенген халықтың бейнесі.

Марал:

Осылайша ұлы ақын 1904 жылы 23 маусым күні «Бала шақ» деп аталатын кең қоныс жайлауда Абай  дүниеден өтті. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Абай халқының асыл азаматы болғандықтан мәңгі өлмейді. Біздің еліміз, Отанымыз осындай өлмес, өшпес Абайды қадірлейді.

Қазақ бірлестігінің орындауында «Желсіз түнде жарық-ай»

6 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

М. Әуезов «Абай жолы» романы

Абай «Қара сөз» Алматы 2011 ж

Сыныптан  тыс жұмыстар

Сыныптағы тәрбие

Тәрбие құралы

«Абайды әлем танысын, Әлем тануы үшін алдымен қазақ  танысын» атты әдеби кештен көріністер

Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А. Төреханова

Абайдың он жетінші қара сөзі орындаған 9 сынып оқушылары