Түркістан облысы Шардара қаласы N12 жалпы орта мектебінің педагог-психологі Б.Өрісбаева кәсіптік бағдар беру маманы Ш. Әбдімәулен 11 сыныптармен "Үміт сенім алға жетелейді" атты тренинг сабақтар өткізді.
Мақсаты: Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру
Тренинг барысы:
Окушылардың көңіл-күйін жақсарту кезінде "Күн шуақты алаңқай","Сәттілік аялдамасы"," Гүлге қонған көбелек", "Дыбыстық гимнастика"," Түлектерге арналған аффермация" әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып окушы бойына өзіне деген сенімділікті сіңдіре білді.
#үмітсенімалғажетелейді
#психология_тәсілдері