№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N12 жалпы орта мектебінің ДБІЖО Г.Батырмбетова мен КБбП Ш.Әбдімәулен Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы бойынша біршама іс-шаралар өткізуде. Болашақта мамандықтарды дұрыс таңдау, сондай-ақ еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарды таңдау мақсатында кәсіптік бағыттау жұмыстарын жүргізу.

10.02.23ж күні 10-сынып оқушылары Шардара қаласында орналасқан ИП "Жалғасбаев Талғат Серикбаевич" Балық өңдеу зауытына саяхат жасады.Балық өңдеу зауытының технологы Бейсенов Мухит Абдиманапович зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырып,балық өңдеу процесі туралы түсінік берді. Зауытта балық еті мен тұздалған және қақталған балық өнімдері өндіріледі. Өндірілген балықтар Еуропа елдеріне,соның ішінде Германия, Армения, Литва ,Польша, Россия елдеріне экспортталатындығын атап өтті. Жылына 870 мың тонна балық өнделетіндігі оқушыларды қатты қызықтырды. Оқушылар саяхат барысында үлкен қызығушылық танытып, болашақта мамандық таңдауда ұқыптылық танытатын дарын айтып өтті. Мұндай игі іс-шаралар әлі де жалғасын табатын болады.