№12 жалпы орта мектеп
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
Кіру
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№12 жалпы орта мектеп
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardara12.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

“Мамандық таңдау - болашақты таңдау” дөңгелек үстел

Шардара ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17 мамыр күні Б.Соқпақбаев білім беретін мектеп базасында «Мамандық таңдау болашақты таңдау» жобасы аясында ата- аналар, мектеп бітіруші түлектерін қамти отырып «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудағы түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, мамандық құндылығы туралы түсінік беру. Мамандармен кеңесе отырып, мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тани білуге үйрету болды. Іс- шараны аудандық білім бөлімінің әдіскері жоба ұйымдастырушысы Қ.Ж.Жаутикова ашып, жоба өзектілігімен дөңгелек үстел маңыздылығын түсіндіріп өтті. Іс- шараға мектеп түлектері, ата- аналар және барлық мектептердің директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары мен кәсіптік бағдар беруші педагогтар қатысты. Іс шараға қатысқан оқушылар үш топқа бөлініп, Атақты ғұлама Әл-Фарабидің «Ісің оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз,

Даңқың шықсын десеңіз

Көпшіліктің адамы болыңыз» - деген өлең жолдарын оқып өз ойларын ортаға салды. Одан соң :Мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек. Өзің таңдаған мамандықты жақсы көру керек. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады. Осы шарттардың қайсысы өздері үшін маңызды екендігін таңдап, өз ойларын ашық айтып ортаға салды.Бірінші топ қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандық түрлерін айтып, постер жасап қорғады. Ал екінші топ, ХХ ғасырда пайда болған мамандықтарды атады. Үшінші топ, соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды өзара ақылдаса отырып, постерге жазып өз ойларымен бөлісті. Қорыта айтқанда, мектеп бітіруші түлектерге алтыннан да қымбат уақыттарын босқа өткізбей, болашаққа деген сеніммен өмір сүру керектігі айтылып, бүгінгі сабақта мамандықты дұрыс таңдауға аз да болса дұрыс бағдар берілгендігі, жоғары оқу орындарының студенттері атанып, үкілеп үміт артып отырған ұстаздары мен ата-аналарының зор сенімдерін ақтауға атсалысу керектігі айтылды.

Шардара Ауданының Білім Бөлімі

Түркістан Облысының Білім Басқармасы

Гаухар Шамеева

Гаухар Батырымбетова

Жамила Сланбекова